Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

Полиция департаментінде заң қызметтерін жетілдіру шаралары қаралды

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы Полиция департаментінде ҚР ІІМ-нің Заң мен норма үйлестіру департаменті бастығының орынбасары Олжас Шариповтың төрағалығымен кеңес өтті. Күн тәртібінде заң қызметтерінің жұмысы мен құрылымын жетілдіру жөніндегі шаралар қаралды.
Кеңеске сот жүйесі, прокуратура, мемлекеттік қызмет істер агенттігі және қазынашылық өкілдері, полиция департаментінің басшылығы, сондай-ақ Шымкент қаласы, Жамбыл және Қызылорда облысы ПД-нің Заң қызметі басшылары қатысты.
Кеңесте қызмет өткеру барысында туындайтын негізгі даулы мәселелер мен оларды сотта қарау тәжірибесіндегі мысалдар талқыланып, ұсыныстар енгізілді.
Кеңес төрағасы жиын нәтижесімен көтерілген барлық ұсыныстар мен сын-пікірлер жинақталып, ІІМ-нің басшылығына жолданатындығын жеткізді. Сондай-ақ бұл іс-шара өзара тәжірибе алмасу, құқықтық мәдениетті арттыру және жүйелік кемшіліктерді анықтап, оларды болдырмауға бағытталған кәсіби алаңға айналатынына сенім білдірді.
Жиын соңында О. Шарипов баршаға кәсіби ұстаным, ашық пікір және ортақ мақсатқа деген ниет үшін алғыс білдірді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Полиция департаментінің мәжіліс залында апталық жұмысты қорытындылау мақсатында кеңес өткізілді. Жиынға департамент бастығының міндетін атқарушы Құрманбек Сахов төрағалық етті....