Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
25.3 C
Shymkent

Мамырда қазақстандықтар Яндекс Плюс арқылы не көрді, не тыңдады және не оқыды? Маусымның жаңалықтары

Танымал

Ел аузында

Мамыр — ауа райы әлі жаздағыдай ыстық емес, алайда қандай да бір жеңілдік, шытырман оқиғалар мен шабыт керек кез. Қазақстандықтардың мәдени таңдауларына қарасақ, көңіл-күйге сай жақсы таңдау жасай алатындары байқалады. Ендеше, мамыр айын мамыражай қылған фильмдер, әндер мен кітаптарға тоқталайық.

Мамырда қазақстандықтар Кинопоиск арқылы қандай фильмдер көрді?

Көрермендер харизмасы бар, юморға толы және экшн жанрындағы туындыларды таңдады. Әрдайым хэппи-эндпен бітпесе де, дәл осы көктемгі көңіл-күйдің ерекшелігі: күліп әрі ойланғың келеді, кино арқылы саяхаттау да керемет. Қазақстандықтардың таңдауы түскен фильмдер қатарында «Кәрі қыз», «Арамызда Стамбұл»,«Мәди in China», «Батя 2. Дед», «Тамыр» картиналары бар.

Видеосервистегі маусым жаңалықтары

Жазғы киноның жаңалықтары көрермендерін күтуде. Жанрлар әртүрлі: жеңіл комедиялардан – тарихи драма мен брутальды экшн-фильмдерге дейін. 

«Крейвен-аңшы» — сіз бұрын білмеген суперқаһарман туралы фильм. Жас Сергей Кравинов (Аарон Тейлор-Джонсонның орындауында) әлемге өз күшін дәлелдеу үшін күреске түседі. Брутальды кейіп, жауынгерлік рух пен қараңғы эстетика үйлескен туынды.

«Гномдар қазынасы» (жақында) — басты кейіпкер Рома өмірдің қиын кезеңінде қарыздарынан құтылу үшін көрші қарияның өсиетіне өзін енгізіп, оның үйін иемденгісі келеді. Бірақ үймен бірге төрт тірі гном да беріледі. Енді ол гномдардың сеніміне кіруге тиіс.

«Туда» (жақында) — философиялық астары бар жол комедиясы. Вадим — барлығын навигатор арқылы шешетін адам. Вера — өмірдің өзінен шытырман оқиға іздейтін жан. Олар бір таксимен 1500 шақырым жүріп өтіп, бес көрікті қаланы көреді және бір-біріне деген көзқарастарын өзгертеді.

«Копы 667» — күн сайын қылмысқа қарсы күресетін екі қалалық полиция қызметкері туралы сериал. Олар өздерін супер-коптар санайды, алайда шынайы қылмыскерлермен бетпе-бет келгенде бәрі ойдағыдай бола бермейді.

«Молда» — Қазақстандағы ең қауіпті бандиттердің бірі бастығына бағынудан бас тартып, қашқынға айналады. Ол ескі мешітке тығылып, қылмыспен өмірін сүруді ойлана бастайды. Фильм Қазақстан прокатында 1,1 миллиард теңгеден астам қаражат жинады.

«Эмир Самарқанда. Bahodir Yalangto’sh» — XVII ғасырдағы Самарқанд қолбасшысы, саясаткері және билеушісі Ялангтуш Баходир туралы тарихи драма. Оның басқаруымен Самарқандтың келбетін өзгерткен сәулет ғимараттары салынған.

Яндекс Музыканың Балаларды қорғау күніне арналған жаңалықтары

Балалар мейрамына орай Яндекс Музыка қазақстандық тыңдармандар үшін тосын сый дайындады — сүйікті әртістердің балалық шағындағы суреттері аватарға қойылды. Арасында 6ellucci, De Lacure, Plecto, Akha, Moreart, Anel Renaldi, JamanT, Darrem, Qontrast, Liili, Ayau, Dose, M’Dee, Rick, Arthur, ACE, kilemger, Introvert, Say Mo, MYSADEYES, davidchi және басқалар бар. Бірінің шашында бантик, бірінің үстінде мектеп формасы, бірінің басында панама, қолында балмұздақ — бірақ бәрін біріктіретін ортақ нәрсе бар: жүрегінде бала кезден орныққан музыка.

Сонымен қатар сервис тек қана әндер жинағын емес, кішкентай тыңдармандар үшін де тұтас бір әлемді іске қосты. Енді балалардың музыкалық экожүйеде өз парақшасы бар — сүйікті әндер, подкастар, әлди-әлдилер мен ертегілер жинақталған. Оның ішінде — қазақ тіліндегі контент те бар.

Қазақ халық ертегілері мен әлди-әндер

Жұмсақ дауыс, қарапайым сюжеттер, бала кезден таныс әуендер — мұның бәрі баланың өзіне қауіпсіздік сезімін сыйлап, тамырынан ажырамауына көмектеседі. Бұл аудиоертегілер мен әлди-әлдилерді ұйықтар алдында немесе жолда тыңдауға болады.

Әлем халықтарының ертегілері және балалардың жас ерекшелігіне қарай жинақтар

Егер балаңыз басқа мәдениеттер туралы білсе екен десеңіз әрі аудиоформатта өссе деп тілесеңіз — сізді арнайы ертегілер жинағы күтеді: еуропалық классикадан бастап, шығыстық хикаяларға дейін. Ертегілер балалардың жас ерекшелігіне қарай ыңғайлы етіп сұрыпталған, адасып кетпейсіз.

Кейіпкерлер әлемі: «Смешарикиден» «Фиксиктерге» дейін

Бала күніңізде мультфильм әндері жазылған бір ғана кассетаны қайта-қайта тыңдағаныңыз есіңізде ме? Бүгінде әр кейіпкердің жеке музыкалық парақшасы бар. «Три кота»«Синий трактор»«Маша и Медведь»«Фиксики»«Любознаец»«Холодное сердце»«Смешарики» — енді сүйікті мультфильмдеріңіздің барлық әнін сапалы форматта тыңдай аласыз.

Ал балаңызды дамытқыңыз келсе?

Бұл жинақта дамытушы подкасттар да бар —мазмұны жеңіл, сапалы әрі түсінікті тақырыптар арқылы балаларға әлемнің қандай екенін түсіндіреді. Ал асүйде би билегенді немесе көлікте ән айтып, көңіл көтергенді ұнататындарға — балаларға арналған музыкалық хиттер бар.

Мамырда Яндекс Кітаптардан не оқыды?

Мамыр — терезе түбінде немесе сапарда кітап оқуға таптырмас уақыт. Қазақстандықтар өткен айда must read тізімін немен толықтырды?

Ол кітаптар арасында Джейсон Бэрронның «MBA в картинках: Два года бизнес-школы в одной книге»; Ларри Кингтің «Кез келген адаммен, кез келген уақытта және кез келген жерде сөйлесу өнері. Тиімді тілдесу құпиялары», Гу Дяньның «Расширение границ мышления. Как преодолеть внутренние ограничения и раскрыть свой потенциал» , Дебби Тангтың «Быть вместе» комиксі және Адриана Трижианидің «Добро не оставляйте на потом» романы бар.

Мамырдың үздік аудиокітаптары: 

«30 привычек за 30 дней» — күнделікті қарапайым әрекеттер арқылы өмірді тез өзгертуге арналған практикалық нұсқаулық. «Магия утра» — өмірді өзгертетін таңғы ритуалды қалыптастыру бойынша шабыт беретін кітап. «Четвертое крыло» авторы Ребекка Яррос — өлімге толы айдаһар шабандоздары академиясында тірі қалуға тырысқан қыз туралы тартымды фэнтези-туынды. «Дел до ж*пы» – Дэймон Захариадис — шексіз тапсырмалар ішінде жоғалып кетпеудің тапқыр әрі шынайы тәсілдерін баяндайтын кітап. «Расширение границ мышления», авторы Гу Дянь — ішкі шектеулерді еңсеріп, ойлау қабілетін жаңа деңгейге көтергісі келетіндерге арналған күшті құрал. 

Маусымда не оқуға болады: кез келген талғамға арналған жазғы кітаптар жинағы

Маусым айының топтамасына бір мезетте көңіл көтеретін, шабыт сыйлайтын әрі ой салатын кітаптар енді.

Орталық Азияны түсінуге арналған 8 кітап — бұл жинаққа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның классикалық әрі заманауи жазушыларының еңбектері кірді.

«Дело было в Алматы, или Алмазные двери», Эльдар Воронцов — Алматының көшелері мен құпияларына жетелейтін жұмбақ әрі лирикалық саяхат-роман. «Нежить Пржевальского: Каждый мерген желает знать, где прячется жезтырнак», Омар Хайдаров — Орталық Азия мифтерін қайта тірілтетін детектив. «Научись уже делать картинки! «Учебник» маминой подруги, или Книга-презентация. Визуальные принципы мультимедиа для начинающих», Гүлім Әмірханова — визуалды ойлау мен медиа-дизайн негіздерін үйренуге арналған пайдалы құрал. Бұл еңбек қазақ және орыс тілдерінде шыққан. «Моя дочь — миллионер: Как создать капитал для ребенка», Владимир Савенко — балаға капитал жинаудың практикалық нұсқаулығы.

Балалармен бірге жазда не оқуға болады?

Яндекс Кітаптар ең кішкентай оқырмандар үшін арнайы кітап жинақтарын дайындады. Балалар мен жасөспірімдерге арналған ең үздік әңгімелер, комикстер мен аудиокітаптар — көңілді шытырман оқиғаларданбастап, қайта-қайта тыңдағың келетін қызықты ертегілерге дейін.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Полиция департаментінің мәжіліс залында апталық жұмысты қорытындылау мақсатында кеңес өткізілді. Жиынға департамент бастығының міндетін атқарушы Құрманбек Сахов төрағалық етті....