Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

22 C
Nur-Sultan
23.8 C
Almaty
26.8 C
Shymkent

Алматылық жастар Қазақ күресінен өткен республикалық чемпионатта жүлделі орынға ие болды

Танымал

Ел аузында

2025 жылдың маусым айында Қостанай қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақ күресінен Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті. Аталған додаға еліміздің барлық өңірінен 300-ге жуық үздік жас балуан қатысты.

Чемпионатқа Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы «Қазақ күресі» демалыс орталығының алты спортшысы қатысып, өз шеберліктерін паш етті. Нәтижесінде, қос бірдей жас балуан жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, 74 келі салмақ дәрежесінде белдескен Еркінұлы Жігер қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Ал 70 келіде сынға түскен Мақсатқызы Шұғылақола жүлдегеие болды.

«Бұл – менің алғашқы ірі жеңісім. Осындай мүмкіндік берген жаттықтырушыларыма және демалыс орталығындағы ұстаздарыма алғысым шексіз. Болашақта ел чемпионаттарында ғана емес, халықаралық ареналарда да ел намысын қорғағым келеді», – дейді чемпион Еркінұлы Жігер.

Айта кету керек, Алматы қаласындағы демалыс орталықтарының жұмысы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылады. Осындай жүйелі қолдаудың арқасында жас спортшылар өз қабілеттерін дамытып, республикалық деңгейдегі жарыстарда өңір намысын абыроймен қорғап келеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Волонтёры Алматы организовали кинопоказ для более 100 детей из детских домов

В Алматы волонтёры организовали тёплую и запоминающуюся встречу для детей, оставшихся без попечения родителей. В рамках проекта «Социальная мастерская», при...