Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20 C
Nur-Sultan
30 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Алматыда студенттік жатақханаларға мониторинг жұмыстары басталды

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен қала аумағындағы студенттік жатақханаларда мониторинг жұмыстары басталды. Бұл шараның басты мақсаты — жастардың тұрмыс жағдайын зерделеу, жатақханалардағы әлеуметтік-тұрмыстық ахуалды жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу және білім алушылардың құқықтарының сақталуын бақылау.

Мониторинг жұмыстары арнайы жұмыс тобының қатысуымен жүзеге асырылуда. Оның құрамына Жастар саясаты басқармасының өкілдерімен қатар, жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары мен белсенді жастар тартылған. Аталған топ жатақханалардағы санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалу деңгейін, қауіпсіздік шараларын, интернет желісінің сапасын, оқу бөлмелері мен ортақ пайдаланылатын орындардың жағдайын тексереді.

Жастар саясаты басқармасының өкілдері бұл бастаманың басты міндеті — студенттердің тұрмыстық мәселелерін нақты деректер негізінде анықтап, оқу орындарымен және тиісті мекемелермен бірлесіп шешу екенін атап өтті.

Алдағы уақытта мониторинг нәтижелері бойынша тиісті ұсыныстар әзірленіп, жатақхана жағдайын жақсартуға бағытталған нақты шаралар қабылданады. Бұл жұмыс — Алматы жастарына қолайлы өмір сүру және білім алуына септігін тигізуге бағытталған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған алғашқы спорт алаңы ашылды

2025 жылғы 13 тамызда «Жерұйық» саябағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы...