Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

12.5 C
Nur-Sultan
20.8 C
Almaty
23.9 C
Shymkent

Әйел тағдырына арналған «Ақжелең» көркем фильмінің түсірілім жұмыстары жүріп жатыр

Танымал

Ел аузында

Қазақ авторлық киносы тағы бір жаңа туындымен толықты. Әйел тағдырына арналған «Ақжелең» көркем фильмінің түсірілім жұмыстары жүріп жатыр.

Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен, «AR production» продюсерлік орталығының қатысуымен түсірілуде.

Ақжелең фильм
Режиссер Бекзат Смадияр мен Жамалдың рөлін сомдаған Ақкенже Әлімжан. Фото: Мұстафа Тілеухан

Фильмнің режиссері – Бекзат Смадияр бұл туындысында терең әлеуметтік-психологиялық астарға құрылған, ұлттық болмысты басты арқау еткен кино жасауға талпынған. Режиссердің айтуынша:

«Ақжелең» жобасының мақсаты – авторлық интеллектуалдық бағыттағы, әлеуметтік-психологиялық астары бар ұлттық фильм жасау. Біз кейіпкерлердің болмысын ашуда ұлттық менталдық құндылықтар тұрғысынан іздендік. Сондай-ақ, сюжеттік желіні құрастыруда барлық әлем халықтарына түсінікті ортақ мәселелерді қамтуға тырыстық. Себебі, әйел тақырыбы – адамзатқа ортақ тақырып. «Ақжелең» – домбыра күйлерінде қалыптасқан мектеп. Әйел тағдырын, мұң-шерін, қуаныш-қайғысын арқау еткен күйлер осылай аталды. Біз де қазіргі қазақ әйелдерінің «ақжелеңін» шерткіміз келді», – дейді режиссер Бекзат Смадияр.

Ақжелең фильмі
Фото: Мұстафа Тілеухан

Фильмнің бас кейіпкері – Жамалдың рөлін актриса Ақкенже Әлімжан, ал Рүстемнің рөлін Әлихан Лепесбаев сомдайды. Оператор – Еркінбек Пітірәлиев, қоюшы суретші – Сәбит Құрманбек.

Ақжелең фильм
Фото: Мұстафа Тілеухан

«Ақжелең» – әйел болмысы мен тағдыры арқылы қоғамдағы терең әлеуметтік қабаттарды қозғайтын фильм. Ұлттық дүниетанымды жаңаша қырынан ашуға тырысқан бұл картина – қазіргі қазақ әйелінің ішкі әлемін, оның күресін, үміті мен мұңын суреттейтін эмоционалды әрі эстетикалық дүние.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысының дәрігерлері Беларусь Республикасында біліктілігін арттыруда

Алматы облысынан барған дәрігерлер тобы Беларусь Республикасының Минск қаласындағы «Ана мен бала» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығында біліктілікті арттыру курсынан өтуде....