12 тамыз күні сағат 23:15-те (Қазақстан уақытымен) «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында «Слованға» қарсы қарымта матч өткізеді. Жанкүйерлер ойынды Кинопоиск арқылы онлайн көре алады.
Бұл – алматылық клуб үшін тарихи сәт: «Қайрат» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты. Айта кетейік, 6 тамызда өткен алғашқы ойында алматылықтар «Слованды» Дастан Сәтпаевтың пенальтиден соққан голының арқасында 1:0 есебімен жеңді. Бұған дейін команда словениялық «Олимпияны» және финдік КуПС клубын жарыстан шығарған болатын.
«Қайрат» ФК – Кинопоиск қызметінің негізгі серіктестерінің бірі. Ақпан айында «Қайрат» пен Yandex Qazaqstan серіктестік жөнінде келісімге қол қойды. «Қайрат» жанкүйерлері Яндекс Плюс жазылымымен Кинопоиск арқылы матчтардың тікелей көрсетілімдерін және клубтың эксклюзивті контентін көре алады. Жаңа қолданушылар FCKAIRAT промокодын пайдаланып, Яндекс Плюсқа 30 күн тегін жазыла алады.
Видеосервис жергілікті спорт бағыттарын белсенді дамытып келеді. Серіктестер қатарында Қазақстан хоккей федерациясы мен Қазақстан футбол федерациясы бар.
13 тамыздан 14 тамызға қараған түні Кинопоиск УЕФА Суперкубогы аясындағы «ПСЖ» – «Тоттенхэм» матчын да көрсетеді. Ол Қазақстан уақытымен сағат 23:50-де Qazsport арнасында тікелей эфирде басталады.
Кинопоиск кино контент пен әлемдегі ең ірі спорттық оқиғаларды бір платформада біріктірген. Қазақстандағы жазылушылар трансляцияларды әртүрлі құрылғылардан, үйде немесе жолда ыңғайлы жағдайда тамашалай алады.
Қазақстандық жанкүйерлер Еуропаның жетекші футбол турнирлеріне кеңейтілген қолжетімділікке ие. «Спорт» бөлімінде Англия Премьер-лигасы, Ла Лига, Бундеслига, Серия А матчтары мен УЕФА Чемпиондар лигасы ойындарының трансляциялары қолжетімді.
Мұның бәрі Кинопоиск пен спорттық хабар тарату саласындағы ТМД-дағы негізгі ойыншы – халықаралық медиахолдинг Setanta Sports арасындағы серіктестік аясында мүмкін болып отыр. Серіктестік шеңберінде Setanta Sports 1, Setanta Sports 2 және Setanta Qazaqstan арналары қолжетімді, олардың эфирінде әлемдік деңгейдегі футбол матчтарынан бастап UFC жекпе-жектері, Формула-1 жарыстары, теннис, хоккей және баскетбол турнирлеріне дейінгі кең ауқымды трансляциялар бар.
«Спорттық стримингті дамыту – Кинопоиск үшін стратегиялық маңызды бағыт. Біз спортты барынша қолжетімді етуге, үздік трансляциялар мен жергілікті оқиғаларды бір платформада біріктіруге тырысамыз», – дейді Кинопоиск командасы.
Анықтама үшін:
Кинопоиск – Яндекс Плюс жазылымына кіретін видеосервис, қазіргі таңда Қазақстанда оның 1,3 миллионнан астам жазылушысы бар. Кинопоиск Қазақстанда түсірілген ең танымал фильмдер мен сериалдарды эксклюзивті түрде көрсетеді: олардың қатарында «Пацанские истории», «Бизнес по-казахски» франшизасы, «Хотя бы в кино», «Брат или брак», «Таптым-ау сені», «Мошенники» сериалы және басқа да жобалар бар. Видеосервис деректеріне сәйкес, тек 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында жазылушылар Қазақстанда түсірілген контентті 10 миллион сағаттан астам уақыт бойы көрген.