Алматы облысында соңғы үш жылда медициналық ұйымдарды жабдықтау деңгейі 79%-дан 92%-ға дейін артты

Танымал

Ел аузында

Алматы облысында Президент тапсырмасы негізінде қабылданған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Соңғы үш жыл ішінде өңірдегі медициналық мекемелердің заманауи техникамен қамтамасыз етілу деңгейі 79 пайыздан 92 пайызға дейін өсті.

2024 жылы облыстағы денсаулық сақтау мекемелері 239 бірлік медициналық техникамен және 15 бірлік санитарлық автокөлікпен толықтырылды.

Ал 2025 жылы Алматы облысында жергілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлініп, барлығы 347 бірлік медициналық техника сатып алу жоспарланған. Оның ішінде:
Ал 2025 жылы Алматы облысында жергілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлініп, барлығы 347 бірлік медициналық техника сатып алу жоспарланған. Оның ішінде, 1 магнитті-резонанстық томография (МРТ) аппараты, 1 ангиограф, 10 бейнеэндоскопиялық кешен, 2 маммограф, 2 сараптамалық санаттағы ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараты бар.

Сондай-ақ, Жаһандық қордың қолдауымен Алматы облыстық фтизиопульмонология орталығы құны 51,5 млн теңге болатын жаңа рентген аппаратымен қамтамасыз етілді.
Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменовтің айтуынша, өңірдің денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады:

«Медициналық техникамен жабдықтау – бұл тұрғындарға сапалы және уақытылы медициналық көмек көрсету кепілі. Соңғы жылдары бұл бағытта елеулі ілгерілеу бар. Жаңа жабдықтар диагностика мен емдеудің тиімділігін арттырады. Алдағы уақытта бұл жұмысты одан әрі жандандырамыз», – деді Ержан Сүлейменов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығы ғалымдарының Ресей Федерациясындағы ғылыми іссапары Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу бағытындағы...