Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

9 C
Nur-Sultan
18.4 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Қазақстандық студенттер III Түркі универсиадасында 23 медаль жеңіп алды

Танымал

Ел аузында

Универисада 3-9 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында өтті.

                            Қазақстан студенттері III Түркі универсиадасында 23 медаль иеленді, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі. Универсиадаға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің студент-спортшылары қатысқан болатын.

Универсиаданың ашылу рәсіміне Қазақстаннан ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Satbayev University-дің ғылым және корпоративті даму жөніндегі проректоры Ержан Кульдиев, Қазақстан студенттік спорты одағының вице-президенті Мұхтар Есқалиев, Қазақстан ұлттық студенттік спорт одағының бас хатшысы Жаснұр Ақеділов қатысты. Сонымен қатар ұлттық делегация құрамында Қазақстан намысын халықаралық аренада қорғауға дайын спортшылар мен жаттықтырушылар болды.
Универсиадада Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан спортшылары жарысқа түсті. Ол волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі бойынша өтті.
III Түркі универсиадасына барлығы 5 елден 450 делегат қатысса, Қазақстан құрамасын 15 жоғары оқу орнынан келген 66 спортшы таныстырды. Олар барлық 7 спорт түрінен бақ сынады.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер 8 алтын, 4 күміс және 11 қола, жалпы саны 23 медаль иеленді.
Келесі IV Түркі универсиадасы 2027 жылы Түркияда өтеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ДИАЛОГ ӨТТІ

Қазақстанда жұмыс сапарымен жүрген Еуропа Кеңесі Венециялық комиссиясының төрайымы Клэр Бази-Малори ханым 10 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық...