Республика күні  балалар колониясында аталып өтті

Танымал

Ел аузында

Алматы қаласы ҚАЖ Департаменті қарасты  №11 мекемеде жазасын өтеуші жасөспірімдермен 25 қазан Республика күні аталып өтті. Іс-шара «Жасай бер, Жайнай бер, Тәуелсіз Қазақстаным!» деген тақырыпта  Жамбыл атындағы қалалық  жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Ш.Ф.Құмарова арнайы келіп,  мекемедегі тәрбие бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып, тәрбиелік мәні жоғары мазмұнды іс шара өткізді.  Мекемедегі  жазалы жасөспірімдер бойларындағы  Отанға деген патриоттық сезімдерін өлең шумақтары арқылы көрсете білді.

Еліміздің тарихындағы елеулі оқиғалар сұрақ ретінде қойлып, балалардың танымдық ой-өрістерінің дамуына септігін тигізіді. Сондай-ақ балалар үшін танымдық викторина өткізіліп, белсенді қатысушыларға кітаптар мен естелік сыйлықтар табысталды. Іс-шараның соңы кітапханашылар дайындаған  кітап көрмесімен және белсенді қатысқан жазасын өтеуші жасөпірімдер мақтау қағаздармен марапатталды. Осындай шаралар жастардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, оң көзқарас пен болашаққа деген сенімді нығайтады.

                                                                           №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Астанада заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологиялары талқыланды

2026 жылғы 24 сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің үшінші күні аясында экология саласында заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды...