Кулерден су ішу неге қауіпті болуы мүмкін?

Кулермен ауызсу жеткізушілер пластикалық ыдысты қайта қолданар алдында оны жуып, мұқият дезинфекциялайды.

Танымал

Ел аузында

Нәтижесінде, бөтелке ішінде денсаулыққа қауіпті заттар пайда болатынын айтты «Барьер» компаниясының биохимик сарапшысы Мария Кулешова, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Сарапшының айтуынша, талдауға алынған 20 су сынамасынан алты жағдайда бұзушылықтар анықталған.

«Көптеген тұтынушылар кулер бөтелкелеріндегі су краннан ағып жатқан судан әлдеқайда жақсы деп санайды. Алайда, зерттеулерге сәйкес, талдауға алынған 20 су сынамасының алты жағдайында бұзушылықтар анықталды. Олар микроорганизмдердің құрамы бойынша нормаларды үш есеге дейін арттыруға байланысты», – деді Кулешова Прайм агенттігіне.

Сарапшы су құбырына қосуға болатын тазартқышты қолдануға кеңес берді. Мария Кулешованың айтуынша, құрылғы суды механикалық бөлшектерден, ауыр металдардан және хлордан сүзіп, ультракүлгін шаммен залалсыздандырады, сонымен қатар минералды заттармен байытады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Президент кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқуды насихаттау және зерделі ұлт қалыптастыруға бағытталған маңызды құжатқа қол қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев...