Түркістан облысында 20 жыл бойы жол ережесін бұзбаған жүргізуші марапатталды

Танымал

Ел аузында

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов тәртіпті жүргізушілерді ынталандыру мақсатында алғыс хаттар табыстады.

Цифрлық жүйе арқылы іріктелген тізімге ұзақ уақыт бойы бірде-бір құқық бұзушылық жасамаған автокөлік иелері енді.

Марапатталғандардың ішінде 20 жыл бойы жол ережесін бұзбаған түркістандық 47 жастағы жүргізуші Әнуарбек Әлімбетов бар.

Ол жолдағы жауапкершіліктің маңызын айтып, барлық жүргізушілерді тәртіп сақтауға шақырды.

Полицияның айтуынша, мұндай бастамалар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

Аталған шара облысқа қарасты 17 ауданда жалғасын тапты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қазақстан құрылысшылар одағы президенті болып Ақан Бақытжан сайланды

РОЮЛ Қазақстан құрылысшылар одағы Ақан Бақытжан ұйым президенті болып сайланғанын хабарлайды. Қазақстан құрылысшылар одағы Президиумы төрағасы қызметін Талғат Ерғалиев жалғастырады....