Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Жаңа талаптар: Қазақстанда SIM-картаны қалай сатып алуға болады?

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда SIM-картаны рәсімдеу енді биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана мүмкін болады. Бұл мобильді және интернет-алаяқтыққа қарсы күрес үшін қажет, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бизнес пен ұйымдар үшін биометриялық сәйкестендіру талабы қызметтік мақсатта SIM-карталар берілетін қызметкерлерге де қатысты болады. Цифрлық министрліктің мәлімдеуінше, биометриялық сәйкестендіру нөмірлерді аноним пайдалануды жоққа шығарып, оларды қолдануға жауапкершілікті арттырады.

«Міндетті биометрияны енгізу дилерлер мен делдалдар арқылы SIM-карталарды заңсыз сату мәселесін де шешеді. Нөмір қай жерде сатып алынғанына қарамастан, байланыс қызметтері абоненттің жеке басы расталғаннан кейін ғана көрсетіледі», – деп хабарлады ведомство.

Анықтама: Биометрия – адамның бірегей биологиялық немесе мінез-құлықтық ерекшеліктері (саусақ ізі, көздің нұрлы қабығының өрнегі, бет пішіні, алақан геометриясы, ДНҚ, тамыр суреті және басқа да белгілер) арқылы тану және сәйкестендіру технологиясы. Биометрия аутентификацияның ең сенімді тәсілдерінің бірі саналады, өйткені мұндай белгілерді қолдан жасау немесе ұрлау қиын (құпиясөз немесе картаға қарағанда).

Министрлік бір адамға абоненттік нөмірлерді рәсімдеудің бекітілген тәртібін еске салды.

«Жеке және отбасылық пайдалануға дейін он SIM-картаға дейін тіркеу қарастырылған. Одан көп мөлшерде рәсімдеу негізделген қажеттілік болған жағдайда және SIM-карталар қолданылатын құрылғыларды көрсете отырып мүмкін болады. Мұндай тәсіл алаяқтық схемаларға тән нөмірлерді жаппай тіркеу тәуекелдерін төмендетеді», – деп қосты Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігінде.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекеме қызметкерлері зейнеткер Құлжановтың отбасына қуаныш сыйлады

Абай облысының қауіпсіздігі орташа мекеме қызметкерлері зейнеткер Қуаныш Ергазыевич Кулжановтың отбасынаарналған жаңа жылдық ғажайып сыйлады. Жаңа жыл қарсаңында Абай облысы...