«Қазақ күресі» демалыс орталығының тәрбиеленушісі Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанды

Танымал

Ел аузында

7–9 сәуір күндері Ақтау қаласында жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елдің әр өңірінен жиналған спортшылар түрлі салмақ дәрежелерінде бақ сынап, жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша 18 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

«Қазақ күресі» демалыс орталығының тәрбиеленушісі Тойжан Алимжан 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, тартысты белдесулер нәтижесінде III орынға ие болды. Осылайша, ол чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

Аталған нәтиже жастар спортын дамыту және жас таланттарды қолдау бағытындағы жүйелі жұмыстың тиімділігін айқындайды.

Спортшыны және оның бапкерлерін лайықты жетістігімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АБАЙ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ

Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, композитор, ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толып отыр. Абай...