Одақ – судьялар қорғаны

Танымал

Ел аузында

Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің сот жүйесінде құқықтық реформалар жүр­гізіліп, сот жүйесінің тиімділігін арт­тыруға бағытталған шаралар қабылданды. Судьялар одағы қоғамдық бірлестігі  құрылып, судьялар қауымын бір мақсатқа жұ­мыл­дырды. 

Алғаш жұмысын бастаған кезден одақ сот жұмысына серпін беріп, судьялардың қорғанына айналды. Судьялар одағының ұйым­дас­тыруымен өткен съездерде сот құрылымы мен сот өндірісін ықшамдау, заңнамалық базаны жетілдіру, құқық қолдану тәжі­рибесінде бірізділікке қол жет­кізу, судьяларды іріктеу және су­дьялардың мәртебесін бекіту, олардың кәсіби біліктілігін арт­ты­ру, мінез-құлқының мораль­ды-этикалық нормаларын жақ­сарту, мүдделері мен құқық­та­­рын қорғау сияқты өзекті мәсе­­ле­лер көтерілді. Соттарды ма­­ман­­дан­дыру, судьялардың жүк­­те­­месін азайту, процестердің жа­рыс­­па­лы­лығын қамтамасыз ету тура­лы да сөз болды. Бір сөз­­бен айт­қанда, судьялардың съез­дері өт­кір тақырыптарды тал­қы­­лау­дың ашық алаңына айна­лып, сот жүйе­сінің әрі қарай дамуына жол ашты. Одақтың не­гіз­гі міндеті мен рөлі де осы болатын.

Әрине, алғашқы съездің сот жүйесіндегі алар ор­ны ерекше. Өйткені, сол басқосуда одаққа қатысты құрыл­тайшылық құжаттар, жарғы, филиалдар мен комиссиялар туралы ережелер, судьялардың мінез-құлқына қатысты этикалық кодекс қабылданды. Судьялардың съезі соттардың материалдық-техникалық жағынан қамтама­сыз етілуін Әділет министрлігі­нен Жоғарғы Сот жанындағы Соттық әкімшілендіру коми­те­ті­нің құзырына беру туралы ма­ңызды мәселелердің көтері­луімен ерекшеленді. Бұл сот жү­йесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін қа­жет еді. Сонымен қатар соттарды маман­дандыруға, судьяларды таға­йындаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, «Қазақстан Рес­пуб­ликасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңның қабыл­дануына алғашқы қадамдар жасалды.

Одан бөлек алқабилер инс­титутын, мамандандырылған эко­номикалық және әкімшілік соттарды құру, қылмыстық жазаны ізгілендіру, өлім жазасын орындауға мораторий енгізу туралы бастамалар көтерілді. Судьяларды іріктеу талаптарын күшейту, халықаралық стандарттарға сәй­кес тұтқынға алуға соттың санкция беруін енгізу шаралары қол­ға алына бастады. Сонымен қатар ювеналды соттарды құру, ме­диация институтын дамыту, элек­тронды технологияларға көшу мәселелері көтерілді. 

Осындай іргелі істердің барлығының басында Судьялар одағының тұрғаны үлкен қолдау.

Салтанат Рамазанова,

Алматы облысы

Кеген аудандық сотының судьясы

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

B2B Way Club запускает онлайн и офлайн-встречи между казахстанским бизнесом и международными производителями

В рамках подготовки к международной выставке HomeTech & Electra 2026 проект B2B Way Clubразвивает несколько направлений работы, которые помогают казахстанскому бизнесу заранее...