Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-20 C
Nur-Sultan
-7.1 C
Almaty
3.3 C
Shymkent

Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа екі бөлмелі пәтер беріледі

Танымал

Ел аузында

Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан пәтер беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Мира Мүслім хабарлады.

«Әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі. Боксшымен кездесіп, оны жеңісімен құттықтаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тапсырма берді», – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Айта кетері, Белградтағы бокстан әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды. Финалда ол америкалық Роско Хилданды жеңді. 

Сондай-ақ мәдениет және спорт министрлігі түрлі халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарындағы жеңісіне, соның ішінде әлем чемпионаттарында бірінші орын алған спортшыға 15 000 АҚШ доллары көлемінде ақша береді.

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев әлем біріншілігінің чемпиондары мен жүлдегерлеріне өз атынан қосымша сыйақы беретінін айтты. Федерация ақпаратына сүйенсек, бірінші орын үшін 70 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сертификат табысталады.

Сәкен Бибосынов – 1997 жылы туған қазақстандық боксшы, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұлытау облысындағы шахта апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы облыстық ПД өкілдері мәлімдеді.Ұлытау облысындағы "Жомарт" шахтасында болған апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  Шахтадағы апат...