Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

260 мың көліктің жалған диагностика картасы 2 мың теңгеден сатылған

Танымал

Ел аузында

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп көліктерді техникалық тексерудің жалған диагностикалық карталарын берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Ел аумағында карта жасайтын тек қағаз жүзінде тіркелген 28 фирма бар болып шықты. Тіркелген мекенжайлар бойынша техникалық тексеру орталықтары болмаған. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қажетті техникалық жабдықтары, мамандары, жұмыс істейтін орындары да жоқ.

Қылмыстық топты көлік комитетінің көліктік бақылау жүргізу және мұндай фактілерге жол бермеу міндеттері жүктелген лауазымды тұлғалары басқарған. 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері іс жүзінде техникалық тексерусіз 260 мыңнан астам диагностикалық карта жасаған.

Осындай қызмет көрсету бір автокөлік үшін 5 минуттық уақытты және 2 мың теңгені қажет еткен.

Тергеу барысында бұл қызметке жүгінген автокөлік иелеріне де құқықтық баға беріледі. Антикор қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу, «формальді техникалық тексерулер» жүргізу фактілерін жоюға қатысты барлық шараларды қабылдайды, — делінген Антикордың хабарламасында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...