Қар, тұман, көктайғақ: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қалай болады

Танымал

Ел аузында

Қазгидромет алдағы үш тәулікте күн райы қалай болатынына болжам жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кезекті солтүстік-батыс циклоны елдің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлеріне әсер етеді, осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел, тұман, көктайғақ, төменгі бұрқасын күтіледі.

Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Батыс антициклонының басып кіруімен және оның шығыс бағытқа ығысуына қарай ауа температурасының аздап төмендеуі болжанады. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығының бастамасымен Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен рухани мұрасын балаларға танытуға...