Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

26 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
28.3 C
Shymkent

Қазақстандағы халық санағының нәтижелері қашан жарияланады?

Танымал

Ел аузында

Ұлттық статистика бюросы биыл желтоқсан айында санақ туралы алдын ала мәліметтерді ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Санақ ел тұрғындарының барлық санатын қамтиды. Онлайн-сауалнамадан 42,5%-ы өтті, ал  барып тексеру арқылы 57,5% адам қамтылды. Көріп отырғандарыңыздай, ел тұрғындары онлайн-форматта халық санағын өткізуге белсене қатысты. Бұл осындай қиын уақытта халықтың санаққа белсенді қатысуын көрсетеді. Көрсеткіш онлайн-форматта санақтан өтудің орташа еуропалық көрсеткішіне жақындады, ол 30-50%-ды құрайды, – деді Айдапкелов Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, халық санағына санақ қызметкерлерінің 25 мыңға жуық, сондай-ақ Аумақтық бөлімшелер мен бюроның орталық аппаратының қызметкерлері тартылды.

“Бюро алынған деректерді өңдеуге кірісті, алдын ала деректерді биыл желтоқсан айында ұсынуды жоспарлап отыр. Іс-шаралар жоспарына сәйкес, санақтың қысқаша қорытындылары 2022 жылдың ортасына жоспарланып, 2023 жылдың бірінші тоқсанында санақтың толық қорытындысын жариялауды жоспарлап отырмыз, – деп хабарлады Айдапкелов.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мамырда қазақстандықтар Яндекс Плюс арқылы не көрді, не тыңдады және не оқыды? Маусымның жаңалықтары

Мамыр — ауа райы әлі жаздағыдай ыстық емес, алайда қандай да бір жеңілдік, шытырман оқиғалар мен шабыт керек кез....