Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

«Сұмдық жағдайда»: Желіде Тараз қаласында орналасқан пластикалық гүлдердің видеосы тарады

Танымал

Ел аузында

Ақтауда пластикалық гүлдерден жасалған инсталляция орнатылған болатын. Жақында әлеуметтік желіде Тараз қаласындағы қызғалдақтардың видеосы тарады. Автор гүлдердің дәл Ақтаудағыдай және жағдайы нашар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Лада» порталы. 

«Бәріміз білетіндей Ақтауда пластикалық гүлдерді жақсы көретін әкім бар. Ол жалғыз емес екен. Тараздың әкімі де пластикалық қызғалдақтар «егіпті». Әлі құламаған, бірақ кейбірінің бастары жоқ, сұмдық жағдайда. Мінекей біздің Қазақстан», – деді видео авторы. 

Тараз әкімдігінде видеоға қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша инсталляцияны жарнамалық мақсатта демеушілер қаржысына орнатқан. 

«Гүлдер қыркүйек айында кәсіпкерлердің демеушілік қаржысына жарнамалық мақсатта орнатылды. Ақтаудағы безендіру кешірек пайда болды. Әзірге гүлдерді бұзу дерегі тіркелмеді. Жауапты ұйым мамандары күнделікті тексеріп отырады», – деп түсіндірді қала әкімінің кеңесшісі Зарина Қуатова. 

Айта кетейік, бұған дейін Ақтаудағы «Гүлденген дала» декоративті жүйесінің бұзылып жатқаны туралы хабарлаған едік. Инсталляцияның ауданы 200 шаршы метрге тең және жобаны іске асыру үшін 15 404 000 теңге бөлінген. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легі аяқталды: медиакеңістікке жаңа буын сарапшылары шықты

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легінің қорытынды Networking іс-шарасы өтті. Бұл — сарапшыларды кәсіби коммуникация мен медиамен жұмыс істеуге...