Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Жалғызбасты әйелдер де тегін ЭКО жасатып, сәбилі бола алады

Танымал

Ел аузында

Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді қалалық ауруханасы отбасын жоспарлау орталығының гинеколог-эндокринологы Айгүл Мұсабаева «экоға» қатысушылардың жас шектеуіне қатысты өзгерістерді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша бала сүюге кімнің мүмкіндігі бар? Бұл бағдарлама бойынша жасанды жолмен ұрықтандыру әдісін бала сүюге үмітті, репродуктивті жастағы кез келген жұп пайдалана алады. Консервативті жолмен емдеу нәтиже бермейтін бедеулік диганозы қойылған пациенттерге арналған. «Экоға» отбасылық жұптар да, жалғызбасты әйелдер де қатыса алады. Қазақстан азаматы болу және пациенттердің міндетті медициналық сақтандыруы болу керек», – деген маман медициналық сақтандыру жүйесінде «экоға» қатысушылар қандай критериймен іріктелетінін айтты.

«Ең бірінші репродуктивті жастағы пациенттер, ерлер факторына байланысты бедеулік, әйелдің жатыр түтікшелерінің екеуі де бітелген жағдайда немесе отамен алынған кезде хирургиялық гистероскопия, лапароскопия, ем-шара нәтижесі болмаған кезде «эконы» қолдана алады. Гормоналды емдеу нәтижесіз болған бедеулік түрі де «экоға» жатады. Жоғары технологиялардың бәрін пайдаланса да, бір жылдан аса бала көтере алмаудың белгісіз генезі де «эко» жасатуға негіз болады. Жамбас мүшелерінің эндометриозына байланысты бедеулік те «экоға» жатады», – деді гинеколог-эндокринологы.

Маманның мәліметі бойынша, экоұрықтандыруға қатысатын әйелдердің жасына қатысты шектеу алынған.

«Денсаулық сақтау министрлігінің №272 бұйрығы бойынша квота беру мүмкіндігі кеңейді. Бұрын үміткерлердің жасы 42 жасқа дейін шектеулі болған. Жаңа бұйрық бойынша әйел репродуктивті жаста болуы керек. Осы аталған көрсеткіштер бұрынғы бұйрықта болмаған. Сондықтан бұл «экоға» үміткерлердің санын арттырады», – деді Айгүл Мұсабаева.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...