Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

23 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

«Аңсаған сәби» бағдарламасының аясында 40 нәресте дүниеге келді

Танымал

Ел аузында

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Аңсаған сәби» бағдарламасының аясында биыл 40 нәресте дүниеге келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«10 қарашадағы жағдай бойынша, «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 6 мың емделушіге экоұрықтандыру жасалды. Бұл бүкіл жоспарлы көлемнің 84 пайызы деген сөз. Тағы 740 пациент осы бағдарламаға қатысуды бастады. 2000-нан астам жүкті әйел есепке алынды. Аталған бағдарлама бойынша 40 нәресте дүниеге келді», –  деді департамент директоры.

Оның айтуына қарағанда, алдағы бес жылда «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша нәресте сүю мүмкіндігі жыл сайын 7000 жұпқа берілмек.

«Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін жыл сайын бедеулігі расталған 7000 жұпқа міндетті медициналық сақтандыру аясныда «эко» жасату қарастырылған», – деді Мағрипа Ембергенова. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...