Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Екпе салдыртқандар неге бетперде тағуы керек?

Сауда ойын-сауық орталықтарына Ashyq жүйесінде "жасыл" мәртебесі бар азаматтар ғана баратын болса да, бетперде тақпауға болмайды.

Танымал

Ел аузында

Денсаулық сақтау министрлігінің санэпидембақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова қашан коронавирусқа қарсы тұра алатын ұжымдық иммунитет пайда болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер Есмағамбетовадан қалада жаңа шектеу енгізілсе, Ashyq жүйесінде «жасыл» мәртебесі бар объектілерге баруға рұқсат етілсе, қала тұрғындары сауда ойын-сауық орталықтарында бетпердесіз жүре ала ма деп сұрады.

«Жоқ, бетперде тағу міндетті. Екпе алғандар да ауруы мүмкін екені белгілі болды. Тиісінше, ол да қауіпке ұшырауы мүмкін. Дегенмен екпе алған азаматтар инфекцияға бейім емес, ауруға оңай төзеді. Инфекцияны таратуы да төмен деңгейде, бірақ таратуы мүмкін. Сондықтан бүгінде әлемде ешкім бетпердені алып тастаған жоқ. Шектеу шаралары мен алдын алу шаралары арасында теңгерім бар», – деп атап өтті Есмағамбетова.

Включить звук

Ол қазір басты қауіп вирустың тез әрі алдын ала мутацияға қабілетті болуында екенін атап өтті.

«Қазір бетпердені шешуге болатын нақты уақытты ешкім айта алмайды, бұл – көп факторлы әрекеттің нәтижесі. Вирус мутациялануын жалғастырып жатыр, бұған әрқайсымыз әсер етеміз. Неғұрлым баяу екпе салдыртсақ, вирустың таралуы соғұрлым жиі болады, мутациялануға мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады», – деді Айжан Есмағамбетова.

Егер екпе салу науқанының басында Денсаулық сақтау министрлігі халықтың 60 пайызына екпе салу керек екенін мәлімдесе, қазір Есмағамбетова мутацияға байланысты ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін азаматтардың 80 пайызына екпе салу қажет екенін атап өтті. Бірақ бұдан кейін де бетпердені міндетті түрде тақпау туралы мәселе аясында сұрақ туындайды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда екпе салдырмағандарға сауда орталығына кіруге тыйым салу мәселесі қарастырылмайтыны хабарланды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...