Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Қазақстанда коронавирусты анықтауға арналған экспресс-тесттердің өндірісі басталды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда коронавирусты анықтауға арналған экспресс-тесттердің өндірісі басталды. Мұндай тесттер вирусты 15 минутта анықтауға мүмкіндік береді және жас шектеуі жоқ. Зауыт Жамбыл облысында орналасқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы премьер-министрдің Жамбыл облысына жасаған іс-сапары кезінде мәлім болды. 

«Қазан айында «Амир и Д» ЖШС-де COVID-19 антигенін анықтауға арналған экспресс-тесттердің өндірісі басталды. Мұнда экспресс-тесттердің 200-ге жуық түрін жасау жоспарланған. Олардың қатарында инфекциялық ауруларды, кардиологиялық маркерлерді, есірткі заттарын, аллергендерді анықтауға арналғандары да бар», – делінген премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарламасында. 

Зауытта жылына 15 млн экспресс-тест және 1,5 млн тексеріске арналған ерітінді өндірілмекші. 

Мұндай экспресс-тесттер иммунохроматография әдісі негізінде жұмыс істейді және жұтқыншақтағы SARS-CoV-2 антигенін анықтауға бағытталған. Тест коронавирустың бар-жоғын жылдам әрі дәл көрсетеді және жас шектеуі жоқ. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мектептерде экспресс-тесттерді қолдануды ұсынған болатын. Ол өз мәлімдемесінде Ресей мамандарының бұл әдістің тиімділігі жайлы хабарлағанын айтқан еді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...