Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Дәрігер: «Жүкті әйел вакцина алса, баласында коронавирусқа қарсы иммунитет пайда болады»

Танымал

Ел аузында

Pfizer вакцинасы жүкті әйелдер үшін қауіпті емес. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Жүкті әйел вакцина алса, баласында коронавирус инфекциясына қарсы иммунитет болады. Бірақ оның антиденесі қаншалықты   болатыны әр ағзаға байланысты. Бала иммунитетпен дүниеге келеді деп толық айта аламыз», – деді Светлана Сұлтанғазиева.

Сонымен қатар, ол әрбір дәрі-дермек нарыққа шығарда төрт зерттеу фазасынан өтетінін айтты.

«Олар клиникаға дейінгі, еріктілерге, халықтың белгілі бір контингентіне, кейін пост тіркеу кезеңі. Бүгінде бар дәрі-дәрмек, вакциналарда 10 пайызға жуық жанама әсерлері бар. Осы вакцинаның да 10 пайызға дейін жанама әсерлері болады, бас ауруы, екпе салынған жердің қызаруы, дене қызуының көтерілуі. Бірақ оның бәрі 1-2 күнде тоқтайды», – деді дәрігер.

Оның  айтуынша, әлемнің 20-дан астам елі жаңадан босанған әйелдерге екпе салуды бастады.

«Жүкті әйелдер де екпе алуы керек. Еуропада жүкті әйелдерді вакцинациялау бойынша көптеген клиникалық зерттеулер жүргізілді және Ресейде зерттеді. Бізде коронавирус инфекцияның аясында жүктілік кезінде әртүрлі жағымсыз салдар мен асқынуларға ұшыраған әйелдердің белгілі бір саны бар екенін көріп отырмыз. Сондықтан, клиникалық зерттеулерге сүйене отырып, 16 аптадан 38 аптаға дейінгі аралықта вакцинациялауды ұсынамыз. Вакцинаның бірінші және екінші компоненттерімен. Вакцинация жүкті әйелдер үшін қауіпті емес», – деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева.

Айта кетері, 10 қарашада түнде Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Алматы қоймасында вакцинаның алғашқы 46 800 дозасы, бірінші компоненттің 23 400 дозасы және екіншісінің 23 400 дозасы бар. Екі бөлігінің арасы 21-28 күн болуы керек.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...