Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

30 C
Nur-Sultan
30 C
Almaty
37.3 C
Shymkent

Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады

Танымал

Ел аузында

Қазақстандықтар 2021 жылдың желтоқсанында мерекелер мен демалыс күндерін ескере отырып, жалпы алғанда 11 күн демалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жыл аяқталатын айда қазақстандықтарды екі мемлекеттік мереке – 1 желтоқсан Тұңғыш президент күні және 16 және 17 желтоқсан Тәуелсіздік күні күтіп тұр. 

Тұңғыш Президент күні сәрсенбіге түседі. Бұл демалыс күні болады. Одан кейін Тәуелсіздік күнінде қазақстандықтар төрт күн қатарынан демалады –  16, 17 және 18, 19 желтоқсан күндері (сенбі және жексенбі). Мерекелік демалыс күндеріне алты күнтізбелік демалыс қосылады.

Жылдың соңғы күніне келетін болсақ, 31 желтоқсан жұмаға түседі. Бұл жұмыс күні болады. 

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар  1, 4, 5, 11, 12, 16, 17, 18, 19, 25 және 26 желтоқсан күндері демалады. Ал алты күн жұмыс істейтіндерге демалыс 1, 5, 12, 16, 17, 19 және 26 желтоқсан күндері болады. 

Айта кетсек, 2021 жылы қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 120 күн, ал алты күндік жұмыс аптасында 68 күн демалады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области уровень оснащения медучреждений за три года вырос с 79% до 92%

В Алматинской области в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», реализуемого по поручению Президента, ведётся системная работа по материально-техническому...