Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Pfizer екпесін алмаған оқушылар мектепке кіргізілмей ме?: Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жауап берді

Танымал

Ел аузында

Алматыға жеткізілген 46 мың 800 доза пфайзер вакцинасы қаладағы 20 медициналық мекемеге таратылып жатыр. Екпе минус 60-тан минус 90 градусқа дейінгі температурада сақталады. АҚШ препараты алдымен 12 мен 18 жас аралығындағы оқушылар мен студенттерге салынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сондай-ақ, бала емізетін және жүкті әйелдерге де егуге болады. Вакцинаның бірінші және екінші компоненті арасындағы интервал 21 – 28 күн болуы шарт. Ал, Алматыдағы 170 мың оқушының әзірге 20 пайызының ата-анасы ғана баласына екпе салдыруға рұқсат берген екен. Санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары балаларына вакцина салдырғысы келетін ата-аналар санының көбейіп келетінін айтады. Ал, препарат қабылдамаған оқушылар мектепке кіргізілмей ме? деген сауалға, вакцинадан бас тартқан тәлімгерлер штаттық режимде білім ала беретінін мәлімдеді.

“Вакцина мектептерде сақталмайды. Яғни, жылжымалы бригада білім ошақтарына барып екпені салатын болады. Вакциналардың сақталу температурасы да қатаң бақыланады. Айта кететін жайт, екпе тек ерікті түрде егіледі. Ал, оны қабылдамаған оқушылар оффлайн режимде оқи беретін болады”, – дейді  Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Халықова. 

Ал, көптен күткен вакцина әуелде айтылған топтардан басқа адамдарға салынбайды. Бірақ, АҚШ препаратын қабылдағысы келетіндер өздерінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша ауруханаға барып өтінім қалдырса болады. Дәрігерлердің сөзінше, артық қалған доза болса басқа топтағы адамдарға да салынады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ұстаз Мұрат Мұстафаев жазасын өтеушілермен кездесті

Атырауда дін саласында оңалту бағытындағы жұмыстар кешенді түрде жалғасуда. Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев №75 Түзеу...