Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.1 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
18.7 C
Shymkent

Түркістан облысында бұзақылар туристерге арналған нысанның тас-талқанын шығарған

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысында туристерге арналған нысанды қиратып кеткен вандалдар іздестіріліп жатыр. Бұзақылар мәрмәр тақтайшалары мен орындықтарды сындырып кеткен, деп хабарлайды “Хабар 24” арнасы. 

Әкімдік қызметкерлері тәртіп бұзғандардың үстінен полицияға шағымданды. Келтірілген шығын 600 мың теңгеге бағаланып отыр. Жергілікті билік қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті.

Өткен жылы бұл нысанға бюджеттен 15 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Туристерге арналған орын Төле би ауданында Алатау ауылдық округіне кіреберісте жасалған. Мұнда демалушылар табиғатты тамашалау үшін келетін. Тау етегінен бес шақырымдай жердегі биік төбеде жергілікті жердің пейзаждарын ұсақ-түйекке дейін көруге мүмкіндік беретін бинокль орнатылған.

Нысан туристердің, жас жұбайлардың және мектеп бітірушілердің сүйікті орнына айналады деп жоспарланыпты. Алайда көп уақыт өтпей бұзақылар бұл орынның тас-талқанын шығарған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...