Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Франциямен өткен ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Кездесу Париждегі «Парк де Принс» стадионында өтіп, 8:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталған еді.
«Біз ойыншыларымызға қорықпаңдар, мінездерін көрсетіңдер деп айттық. Ойынды әрі қарай дамытуымыз керек еді. Бапкер үшін жеңіліс қашанда ауыр, командада қандай мәселе болса да, бұл ең алдымен менің жауапкершілігім. Біз дайын емес едік, ойынды талқылап, талдайтын боламыз. Әрине өте қиын әрі жағымсыз, бізде әрі қарай ойнауға мүмкіндік болды, бірақ соңына дейін жете алмадық. Міне, осыдан біз өз күшімізге, өзімізге сенімді емес екенімізді көре алдық. Басқа айтатын ештеңе жоқ, ойын есебінен-ақ көрініп тұр ғой”, – дейді Байсуфинов.
Қуат Хамитов қазақстандық футболшылардың ұятты жеңілісіне қатысты пікір білдірді
Айта кетсек, қазақстандық футбол құрамасы Франция футболшыларынан 0:8 есебімен жеңілді. Бұл қазақстандық спортшылардың тарихтағы ең сәтсіз ойыны. Осылайша, Париждегі жеңілісімен Қазақстан құрамасы антирекордты жаңартты.