Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Қар, бұрқасын, көктайғақ: 15 қарашадағы күн райына жасалған болжам

Танымал

Ел аузында

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.

Cиноптиктер 15 қараша күні еліміздегі ауа райына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпаратҚазгидрометке сілтеме жасап. 

«Қазақстан аумағы арқылы өтетін солтүстік-батыс циклон ықпалымен солтүстік аймақта қар түсіп, оңтүстікте жаңбыр жауады. Еліміздің көптеген бөлігінде жел күшейіп, солтүстікте – жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіліп отыр», – делінген синоптиктер хабарламасында.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғуы күтілуде.

Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болып, жел 15 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында таулы аймақтарда жел 15-20 м/с дейін күшейіп, түнде жел екпіні 23 м/с дейін жетеді, облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын, ал батысында – жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігі, шығысы және орталығында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын күтілуде. Жел екпіні секундына 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және таулы айдандарында жел 15-20 м/с дейін артады, түнде екпіні 23-28, кей кезде 30 м/с және одан да жоғары болады.

Түнде және таңертең оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және таулы аудандарда тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Қызылорда облысының солтүстігінде таңертең және к.ндіз көктайғақ болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Маңғыстау облысының батыс, солтүстік-шығысында,

Атырау облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, ал солтүстік, оңтүстік және шығысында желдің 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал, күндіз жел екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...