Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

ДСМ: Pfizer вакцинасын ақылы негізде салдыру мәселесі талқыланып жатыр

Танымал

Ел аузында

Екпенің нақты бағасы әлі белгіленген жоқ.

Қазіргі уақытта Pfizer вакцинасын тек балалар мен жүкті және бала емізетін әйелдерге салдыру жоспарланған. Осыған орай, Pfizer-ды қосымша салдыруға ниеттілер үшін мемлекет коммерциялық сату жағын қарастырып жатыр деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой басқа топтар үшін Pfizer вакцинасын ақылы негізде салдыру мәселесін тиісті ұйымдармен бірлесіп қарастырып жатқанын мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрлік аталмыш екпенің нақты бағасын әлі белгілеген жоқ.

Айта кетейік, елорда әкімдігі қалада Pfizer вакцинациясын алуға болатын 5 мың жүкті, 28 мың бала емізетін әйел және 63 мың бала бар екенін хабарлады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ЖЕТІСАЙДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары, криминалдық полиция бөлімшенің жедел уәкілдерімен және Жетісай ауданы әкімдігі жанынан...