Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Алматы облысында су бөгетінің жарылуы: қазір не болып жатыр

Танымал

Ел аузында

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Сондай-ақ тұрғын үйлерге де қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі. Алматы облысы Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар қызметі Книжевского су қоймасындағы бөгеттің жарылуынан кейінгі жағдай туралы айтты.

22 қараша 7 сағат 30 минуттағы мәлімет бойынша, Мыңбаев ауылындағы бөгетте су деңгейі төмендеді.

«Су жарылған бөгеттен ағып жатыр. Оның ені 4 метр. Ағып жатқан судың көлемі 5-6 куб метр. Сонымен қатар облыстық маңызы бар жол арқылы да су ағып жатыр. Ағынды судың тереңдігі 5 сантиметр, енді 30 метр. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Сондай-ақ тұрғын үйлерге де қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Су деңгейі төмендеді», – деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Айбек Жанаев.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының маңында орналасқа Книжевского су қоймасы бөгетінде жарық пайда болғаны туралы хабарлады.

Бөгет 21 қарашада сағат 23.13-те жарылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ – ӘЛЕМДІК QS РЕЙТИНГІНДЕ «БЕС ЖҰЛДЫЗ» ҮЗДІК БЕЛГІСІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы педагогикалық бағыттағы көшбасшы Абай университеті QS Stars халықаралық рейтингтік жүйесі бойынша «Бес Жұлдыз» үздік белгісін иеленіп, өзінің...