Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Арон Атабек қайтыс болды

Танымал

Ел аузында

20 қазанда Арон Атабектің ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. 21 қазанда ол комаға түсті.

Саяси тұтқын деп танылған ақын Арон Атабектің қайтыс болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Жанболат Мамай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. 

“Арон Атабек қайтыс болды деген суыт хабар жетті. Қазақтың қас батырының қазасы Назарбаев режимінің мойнында. Бақұл болыңыз, Қаһарман Аға!” –деп жазды Жанболат Мамай. 

Белгілі болғандай, 20 қазанда Арон Атабектің ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. 21 қазанда ол комаға түсті. 

Арон Атабек 2006 жылдың 14 шілдесінде Алматының іргесіндегі тұрғындар заңсыз басып алынған жерлерде салынған үйлерді бұзуға жіберілген полицияға қарсылық көрсеткен «Шаңырақ оқиғасынан» кейін сотталған.

Қақтығыс кезінде 24 жастағы полицей қаза тапты. Полицейді наразылық білдірушілер бағанаға байлап, өртеп жіберген. Билік оның өліміне бірнеше жергілікті тұрғын мен сол күні Шаңырақта болған Арон Атабекті айыптады.

Арон Атабек 2006 жылғы “Шаңырақ” оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізді. Құқық қорғаушылар оны “саяси тұтқын” деп таныған.

Еске салсақ, бұған дейін Арон Атабектің жазасы жеңілдетілгені айтылған еді. Ол түрмеден босатылып, қалған мерзім бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған. 

Қоғам қайраткерінің отбасы оны ақтап шығу үшін және жазаны алып тастау үшін ары қарай күресетіндерін жеткізген болатын. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПОДВЕДЕНЫ ИТОГИ ПРОЕКТА «АКСЕЛЕРАТОР МОЛОДЕЖНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ ГОРОДА АЛМАТЫ»

Состоялся итоговый круглый стол проекта «Акселератор молодежных организаций города Алматы», организованного Корпоративным фондом «Альянс студентов Алматы» при поддержке Управления...