Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Қазақстанда тұрғын үй тапшылығы әлі де бар: Мамандар мәселе шешімін атады

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда тұрғын үй тапшылығы әлі де байқалуда. Мысалы, БҰҰ стандартына сәйкес 1 адамға кем дегенде 30 шаршы метрден келуі тиіс, бірақ Қазақстанда бұл көрсеткіш 23 шаршы метрге тең. Бұған қарамастан, елімізде жыл сайын миллиондаған шаршы метр қолданысқа беріледі, деп хабарлайды 31-арнаның “Информбюро” бағдарамасы.

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, 1 000 қазақстандыққа 287 тұрғын үйден келеді. Бұл Оңтүстік Африка еліндегі (283) көрсеткішпен бірдей. Ал Түркияда мың тұрғынға 446 үйден келсе, Ресейде 449-ға тең. Еуроодақта әр екінші тұрғынға бір үйден келеді екен. 

Мамандар тұрғын үй тапшылығы эконом-класында байқалатынын айтады. Сондықтан нарықтағы баға өсіміне де әсерін тигізген. Қазір қолжетімді бағада жаңа үй табу қиын. Элиталы тұрғын үй саны жеткілікті болғанымен, мұны көп адамдар сатып ала алмайды. Аталмыш мәселе жайлы пікір білдірген риэлторлар ассоциациясында пәтер тапшылығын шешуге болады дейді.

«Компаниялар бұл қаржығы құрылыс материалдарын сатып алатынын айтады. Егер Қазақстанда ішкі нарық дамып, құрылыс және әрлеуге арналған материал зауыттары ашылатын болса, бір жағынан жұмыс орыны көбейеді, екіншіден баға да арзандайды», – деп мәлімдеді Қазақстан риэлторлар біріккен ассоциациясының басшысы Лариса Степаненко. 

Риэлторлар болжамына сәйкес желтоқсан айының ортасынан қаңтар айының соңына дейін үй бағасы тұрақталады. Бұл жыл соңында банктердің есептерді жабуымен байланысты. Ипотека бойынша жаңа келісім шарттар келесі жылға ауыстырылғандықтан, нарықтағы баға төмендейді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

За два дня врачи Медцентра УДП провели 16 сложных операций в области Жетысу

В области Жетысу продолжается медицинская акция «Дни Медицинского центра Управления делами Президента РК». Во второй день ведущие врачи Больницы...