Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
20.3 C
Shymkent

Плюс 20°C-қа дейін: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы жылынады

Танымал

Ел аузында

Қазгидромет мамандары алдағы үш күнде – 2021 жылдың 30 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында Қазақстанда күн жылы болады деп болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Аязды әкелген суық антициклон Қазақстан аумағынан біртіндеп кетеді», – деп атап өтті синоптиктер.

Оның орнын Қара теңіз аумағынан келетін жылы батыс циклоны басады, жаңбыр, қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады, сондай-ақ ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.

Күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 градусқа дейін, оңтүстікте 10-15 градусқа дейін, Түркістан облысында 20 градусқа дейін жылы болады.  

Тек 2 желтоқсанда кезекті антициклон республиканың батыс өңірлеріне жылжиды, сол себепті температура аздап төмендейді: түнде 5 градус аяз – 5 градус жылы, күндіз 3 градус аяз – 5 градус жылы болады. Маңғыстау облысында күн 10 градусқа дейін жылынады.

Республиканың солтүстік-шығысында және оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Полиция департаментінде апталық жұмысты талдау жиыны өтті

Полиция департаментінің мәжіліс залында апталық жұмысты қорытындылау мақсатында кеңес өткізілді. Жиынға департамент бастығының міндетін атқарушы Құрманбек Сахов төрағалық етті....