Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Жаңа төраға сайланды

Танымал

Ел аузында

Танымал заңгер Айдын Бікебаев өткен аптада республикалық адвокаттар алқасының төрағасы болып сайланды. Барлығы тоғыз үміткер қатысқан бұл сайлау екі кезеңнен тұрды. Ол алғашқысында 38 дауыспен көш бастап, шешуші кезеңде 52 дауыс алып қарсыласынан оқ бойы озып шықты.

Айдын Бікебаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетін оқып бітірген соң еңбек жолын мұғалімдік қызметтен бастап, Алматыдағы бірқатар банк құрылымдарында заңгер және басшылық қызметтер атқарды. «Саят, Жолшы және партнерлар заңгерлік фирмасы» ЖШС директоры , ҚР Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы,орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Минстрінің кеңесшісі, «Жеке құқық институты» ЖШС басшысы, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі, «Әділет» Каспилік қоғамдық университеті Жоғары құқық мектебінің Сеньор-лекторы, «Сбербанк России» АҚ еншілес банкі басқарма мүшесі – борышкерлер мәселесімен жұмыс жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы квалификациялық комиссия төрағасы қызметтерін атқарды.

Айдын Бікебаев сайлау алдында «Азаттық рухы» каналына ( жүргізушісі Тимур Ермашев) берген сұхбатында «Жыл басында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еркін және тәуелсіз адвокатурасыз құқықтық мемлекет құру мүмкін еместігін айтып, бағдарламалық орнықтылық берген еді.Міне, бір жылға таяу уақыт өтті. Бізде әлі ешнәрсе істелінген жоқ. Меніңше осы орнықтылыққа жете мән беріп, Қазақстандық адвокатураны дамыту бағдарламасын қабылдап мемлекеттік бюджетке тәуелділіктен арылу керек.Бізде адвокаттар дұрыс қаржыландырудан тыс қалған» дей отырып журналистер мен адвокаттардың ойын дөп басқан-тын.Сонымен қатар адвокаттарға қатысты салық төлемдері және тағы басқа өзекті мәселелерді ретімен сауатты жоғары этикалы адвокат ретінде айтып берген еді.Біртіндеп жүзеге асырылатын бұл ой енді адвокаттар беделін көтеретініне сенім артамыз.

Нұрбол Әлдібаев,

«Заң газеті».

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...