Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

24.1 C
Nur-Sultan
26.9 C
Almaty
27.5 C
Shymkent

Газдан уланған: Түркістан облысындағы үйлердің бірінен үш ересек адам мен бір баланың мәйіті табылды

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы Келес ауданының Ұшқын ауылындағы үйлердің бірінен үш адамның оның ішінде кәмелетке толмаған баланың денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 28 қараша күні сағат 12:30 шамасында болған.

Оқиға орнына келген Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 47 және 49 жастағы ағайындылардың мәйіттерін тапты. Сондай-ақ әйел мен 3-4 жас аралығындағы баланың денелері белгісіз болып шықты. Өлімнің алдын ала себебі бойынша – олар газдан уланып қайтыс болуы мүмкін. Үй иелері ескі пештерін көгілдір отынға лайықты етіп жасап шыққаны анықталды.

«Статистикаға сәйкес, улану көп жағдайда пеш мұржасын бекітіп қойғандықтан орын алады. Кейбіреулер оны жылуды сыртқа шығармас үшін жауып қояды. Бірақ пеш жұмыс істеп тұрған кезде ол ашық тұруы керек. Әйтпесе көміртегі газы бірден бөлме ішіне тарайды», – деп ескертті Төтенше жағдайлар департаменті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысының дәрігерлері Беларусь Республикасында біліктілігін арттыруда

Алматы облысынан барған дәрігерлер тобы Беларусь Республикасының Минск қаласындағы «Ана мен бала» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығында біліктілікті арттыру курсынан өтуде....