Түркістан облысы Келес ауданының Ұшқын ауылындағы үйлердің бірінен үш адамның оның ішінде кәмелетке толмаған баланың денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 28 қараша күні сағат 12:30 шамасында болған.
Оқиға орнына келген Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 47 және 49 жастағы ағайындылардың мәйіттерін тапты. Сондай-ақ әйел мен 3-4 жас аралығындағы баланың денелері белгісіз болып шықты. Өлімнің алдын ала себебі бойынша – олар газдан уланып қайтыс болуы мүмкін. Үй иелері ескі пештерін көгілдір отынға лайықты етіп жасап шыққаны анықталды.
«Статистикаға сәйкес, улану көп жағдайда пеш мұржасын бекітіп қойғандықтан орын алады. Кейбіреулер оны жылуды сыртқа шығармас үшін жауып қояды. Бірақ пеш жұмыс істеп тұрған кезде ол ашық тұруы керек. Әйтпесе көміртегі газы бірден бөлме ішіне тарайды», – деп ескертті Төтенше жағдайлар департаменті.