Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
36.3 C
Shymkent

Дүниежүзілік денсаулық ұйымы басшысының Жүрсін Ерманмен құда екені рас па?

Танымал

Ел аузында

ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус Жүрсін Ерманды құттықтады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус белгілі ақын, айтыс жанашыры Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтап, бір ауыз өлеңін жатқа оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Facebook -тегі парақшасында ерекше жазба жариялады. «Құрметті Жүрсін құда» деп басталатын жазбаның астында қазақи шапан мен бөрік киген ДДСҰ басшысының Жүрсін Ерманды мерейтойымен қазақ тілінде құттықтаған видеосы салынған. 

«Құрметті Жүрсін құда! Мерейтойыңыз құтты болсын! Денсаулығыңыз зор болсын! Өмір ұзақ болсын! Құдалығымыз мәңгілік болсын!

Арбаса нәпсі-ыбылыс, 
Алаңдай берем ұлып іш. 
Көңілге неге сыймайсың 
Көзіме сыйған құбылыс?!», – дейді Тедрос Гебрейесус.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымы басшысының Жүрсін Ерманға «Құрметті құда» деп қайырылуының себебін білу үшін биыл 70-ке толған ақынның өзіне хабарластық. 

«Менің бір жиенім Тедрос Гебрейесустің ұлына тұрмысқа шыққан. Өзім жиен қызым деймін, кіші қызымның қызы ғой енді. Қазір ол жиенім Женевада тұрады. Тедрос Гебрейесуске менің өлеңімді жаттатқызып, қазақша үйретіп жүрген сол жиен қызым ғой», – деп қысқа қайырды Жүрсін Ерман. 

Айта кетейік, Тедрос Гебрейесус Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бас директоры қызметіне 2017 жылы кіріскен болатын. Ал 2012-2016 жылдары Эфиопияның Денсаулық сақтау министрі ретінде қызмет еткен.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Талгарской районной больнице открылся Ситуационно-аналитический центр

В Талгарской центральной районной больнице по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Турысбекулы, а также при содействии и...