Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Қазақстандықтар зейнетақы бөлігін алу үшін жаппай өтінім беріп жатыр

3 желтоқсанда біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға ниет білдірген қазақстандықтардан 16 000 өтініш түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Отбасы банк" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Танымал

Ел аузында

«Бүгінде enpf-otbasy.кz платформасының 41 744 қолданушысы өз өтініші бойынша БЖЗҚ-нан Отбасы банктегі арнайы шоттарына жалпы көлемі 242 миллиард теңге қаражаттың түсуін тосып отыр. 3 желтоқсанның өзінде, біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға ниет білдірген қазақстандықтардан 16 000 өтініш келіп түсті. Бұл жыл басынан бері БЗТ-ін тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу мақсаттарына алу мүмкіндігі туындаған уақыттан бастап, жолданған өтініштер көлемі бойынша рекордтық көрсеткіш», – делігген хабарламада.    

Банк мәліметінше, қалыпты күндері платформа арқылы 2 200 жуық өтініш қабылданады. Қазақстандықтар тұрғын үйді толық сатып алу, ЕДБ-дегі және Отбасы банкіндегі ипотеканы ішінара төлеу үшін пайдалануға ниет білдірген. Сондай-ақ зейнетақы қаражатының бір бөлігін туысқандарына аудару қызметі сұранысқа ие болып шықты. 

«БЗТ қазақстандықтар «Отбасы Банкіндегі» заем бойынша қарызын төлеуге (ішінара немесе толық), ипотекалық заем бойынша берешегін өтеуге, оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруын қоса алғанда (ішінара немесе толық), ипотекаға жүгінбей, тұрғын үй сатып алуға (толық өтеу), тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша «Отбасы банкінен» ипотекалық тұрғын үй заемын  алуға, ипотекалық заем алу үшін бастапқы жарна төлеуге (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде), сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша берешегін өтеуге, жеке тұрғын үй салуға (жер телімін сатып алуды қоса алғанда) және емделу ақысын төлеуге қолдануға болады», – делінген банк хабарламасында. 

3 желтоқсандағы мәлімет бойынша, бұл мүмкіндікті 338 499 адам (жалпы көлемі 1,68 триллион теңге) қолданып үлгерді. Оның ішінде, ипотекаға жүгінбей тұрғын үй алған (171 598 адам). Біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану бойынша Нұр-Сұлтан, Маңғыстау облысы мен Алматы көш бастап тұр. Ал Солтүстік-Қазақстан облысының тұрғындары аса белсенділік танытпаған.

БЗТ-ін «Отбасы банкінде» ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы жарна ретінде қазақстандықтардың 83 пайызы екінші нарықтан тұрғын үй таңдасаған. Қалған 17 пайызы алғашқы нарықтан тұрғын үй алуды жөн көрген.

51 884 қазақстандық (жалпы көлемі 51,9 миллиард теңге) зейнетақы қорындағы қаражатының бір бөлігін емделуге жұмсаған.

БЗТ қолданған азаматтарымыздың орта жасы – 41. Гендер бойынша 68 пайызы – ер адам.

338 499 қазақстандықтың 40 пайызы өздерінің тұрғын үй жағдайларын туыстары зейнетақы қорындағы жинақтарын толық немесе ішінара табыстағанының арқасында жақсарта алған.

Бүгінде Отбасы банк қызметкерлері «ТҚЖ салымдарын БЗТ есебінен толықтыру» мүмкіндігін іске асыру бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұл қызмет мемлекеттік органдар Біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану ережелеріне енгізілген өзгерістер бекітілген уақыттан бастап қолжетімді болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...