Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-1 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Қазақстандықтар 2021 жылы Google-да не іздеді?

Google қазақстандық қолданушылардың 2021 жылы жиі іздеген ақпараттары рейтингін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Google сайтына сілтеме жасап.

Танымал

Ел аузында

Дәстүр бойынша, жыл аяғында қазақстандықтар биыл қандай ақпаратты жиі іздегенін білу үшін миллиондаған дерек талданған.

Талдаушылар мәліметі бойынша, Google-дан Қазақстанда ең жиі ізделген сайт «Онлайн мектеп» болған.

«Қазақстандық Google қолданушыларының білім беру ресурстарына деген жоғары қызығушылығы екінші жыл қатарынан көш бастап тұр: дайын үй жұмысы сұраныстардың алғашқы ондығында, Білім ленд, Күнделік кз кіру және Нұр сабақ. Сондай-ақ, қазақстандықтар ұлттық санақ, Еуро – 2020 Чемпионаты және «Игра в кальмара», «Атака титанов» және «Истинная красота» сериалдары туралы ақпарат іздеген», – делінген хабарламада.

Жиі ізделген тақырыптар:

  • Онлайн мектеп
  • ДҮЖ
  • bilimland.kz
  • Nursabaq.com
  • «Игра в кальмара»
  • Евро 2020
  • Sanaq.gov.kz
  • «Атака титанов»
  • Kundelik.kz
  • «Истинная красота»

Қазақстандық Google қолданушыларының нұсқасы бойынша Жыл фильмі – «Веном 2» триллері. Сондай-ақ, Жыл фильмі санатындағы ең танымал сұраулары қатарына «Лига справедливости Зака Снайдера», «Отряд самоубийц 2», «Круэлла» картиналары, «Душа» мультфильмі және Marvel Universe-тің «Вечные» жаңа фильмі кірген. Сонымен қатар, ондыққа «Гнев человеческий», «Черная вдова», «Красное уведомление» және «Мортал комбат» кіреді.

Жиі ізделген фильмдер:

  • «Веном 2»
  • «Лига справедливости Зака Снайдера»
  • «Отряд самоубийц 2»
  • «Круэлла»
  • «Душа»
  • «Вечные»
  • «Гнев человеческий»
  • «Красное уведомление»
  • «Мортал комбат»
  • «Черная вдова»

«Сериал» санатындағы үздік үштікке сенсация болған «Игра в кальмара», «Атака титанов» анимесі және «Истинная красота» драмасы кірді. Қазақстандықтар арасында бұрынғысынша түрік және Оңтүстік Корея сериалдары фаворит, биыл ең танымал сериалдар қатарында – «Королева Чорин» және «Винченцо» дорамалары және «Постучись в мою дверь» түрік сериалы бар. Сондай-ақ, отандық «Токийские мстители» және «Обещанный Неверленд», Netflix-тен «Джинни и Джорджия» және ресейлік «Трудные подростки» сериалы топ-10-ға кірді», – дейді сарапшылар.

Жиі ізделген сериалдар:

  • «Игра в кальмара»
  • «Атака титанов»
  • «Истинная красота»
  • «Королева Чорин»
  • «Токийские мстители»
  • «Джинни и Джорджия»
  • «Постучись в мою дверь»
  • «Винченцо»
  • «Трудные подростки» 3-сезон
  • «Обещанный Неверленд»

2021 жылы «Сатып алу» санатында төртінші жыл қатарынан теміржол билеті көш бастап тұр. Сондай-ақ, қазақстандықтар Алматыда пәтер сатып алу, ұшақ билеті, кино мен Медеу, бассейн, желдеткіш пен көмір сатып алу туралы ақпарат іздеген.

Сатып алу санаты бойынша:

  • Темір жол билеті
  • Алматыда пәтер
  • Ұшаққа билет
  • Бассейн
  • Көлік
  • Желдеткіш
  • Медеу билет
  • Сәтті жұлдыз онлайн билет алу
  • Киноға билет
  • Астанада көмір сатып алу

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...