Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Тоқаев «Мобильді аударымдарды реттеу» туралы заңға қол қойды

Танымал

Ел аузында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге қол қойды, деп хабарлайды Ақорда сайты.

«Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне және Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, қараша айында қазақстандықтардың жақын арада сатып алу ақысын әдеттегі ұялы аударымдар арқылы төлей алмайтыны белгілі болды.  Ол үшін банктік қосымшаларда жаңа функция пайда болмақ.
Бұл салық төлеуден жалтарып, аударымдарды төлем ретінде пайдаланатын кәсіпкерлердің қызметін көлеңкеден шығаруға септігін тигізеді деген болжам бар.

Мобильді аударымдарды реттеу туралы жаңалық бүкіл ел бойынша шу тудырды, кәсіпкерлер тұтынушылардан сатып алу үшін қағаз ақшамен төлеуді сұрады. Сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушылары ұялы байланыс арқылы төлемдерді қабылдауды тоқтатып, қолма-қол ақша алуға мәжбүр болғанын да атап өтті.

Мобильді аударымдарды реттеудің басталу күніне келетін болсақ, Мемлекеттік кірістер комитеті банктерден барлық жеке тұлғалар туралы ақпаратты тек 2025 жылдан бастап алу күтілетінін баса айтты.

Сондай-ақ Салық кодексіне енгізілген түзетулер интернет арқылы сатылатын тауарларға цифрлық салықты («Google-дағы салық») енгізуді қарастырады.  2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда тауарлар мен қызметтерді ұсынатын шетелдік интернет-компаниялардың ҚҚС тіркеу және төлеудің оңайлатылған тәртібі қарастырылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...