Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
21 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

«Доллар 500 теңгеге дейін өседі»: Қаржы мамандары шетел валютасының қымбаттайтынын айтты

Танымал

Ел аузында

Доллар келесі жылы 500 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы экономист Бекнұр Қисықов болжады. Қазақстан қор биржасы сессиясының қорытындысы бойынша доллардың бүгінгі бағамы – 436 теңге 25 тиын. Елордалық тұрғындар теңгенің құнсыздануы, азық-түлік бағасына әсер ете ме деп қорқады. Бұл жайында «Астана» арнасы хабарлайды.

Доллар бағамы соңғы кезде жиі өзгеретін болды. Тұрғындар бұл азық-түліктің бағасына әсер ете ме деп алаңдайды. Себебі, жалақыдан жалақыға жан бағу, онсызда оңай болмай кеткеніне шағымданады. Долларды сатып алудың қалғаны қашан, дейді олар.

Сарапшылардың саралауынша әлем экономикасы да қазір шатқаяқтап тұр. Оған омикрон штамы себеп болған. Осының кесіренен мұнай бағамы арзандады. Ал бұл теңгенің  әлсізденуіне апарып соқтырған.

«Бүкіл қаражатыңызды бір валютада сақтамаңыз. Бәрін долларға да салып қоюға болмайды. Бөліп-бөліп, 3 валютада ұстаңыз. Біраз бөлігін долларда, біразын еврода, біразын теңгеде деген сияқты. Болмаса оның орнына алтын да алуға болады. Шетел валютасын сатып алып қою керек. Көбірек басымдықты сол жаққа беру керек», – дейді экономист Мақсат Халық.

Экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Додонов болса, қаржы саласында алдағы жылы да айтарлықтай қиындықтар болуы мүмкін екенін жасырмайды. Оның болжамына сай, келер жылы 1 доллардың құны 455-470 теңге аралығында сатылмақ.

Ал экономист Бекнұр Қисықов доллар бағамының өсуіне бірінші кезекте мұнай бағасының әсер ететінін айтады.

«Менің ойымша, доллар 470 болады, тіпті 500-ге жақындайды. Бірінші кезекте, әрине мұнайдың бағасы. Бұл тікелей себепші. Біз әрқашан Ресейде болып жатқан жағдайға қараймыз. Барлығымыз білетіндей, санкциялық шаралар Ресей экономикасына үлкен әсер етті. Әрине, соның салдарынан доллар қымбаттады. Біз Ресеймен тікелей серіктес ретінде және олармен Еуразиялық экономикалық одақпен бір одақта болғандықтан бізге әсерін тигізеді», – дейді Қисықов.

Доллардың нығаюы аясында қазақстандықтардың америкалық валютаға деген сенімі уақыт өткен сайын артып келеді. Халық өз жиған-тергендерін «америкалық» валютада сақтауды жөн санайды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ЖЕТІСУДА СТИХИЯЛЫҚ ҚОҚЫС ОРЫНДАРЫ ТАЗАРТЫЛУДА

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Талдықорған қаласы маңындағы стихиялық қоқыс орындары тазартылды. Елімізде стихиялық қоқыс орындары мен көлемі спутниктің...