Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

27.8 C
Nur-Sultan
18.7 C
Almaty
31.1 C
Shymkent

Қылмыстың өтеуі жаза!

Танымал

Ел аузында

Пробация қызметі, қылмыстық – атқару жүйесінің бір бөлімі ретінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындайды. Алайда, бас бостандығын шектеу түрінде жазаға сотталған кейбір тұлғаларға қатысты тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар жүргізілсе де, олар соттың сенімін ақтамайды.

Сонымен, 18.04.2021 ж. ШҚО бойынша ҚАЖД Солжағалау аудандық пробация қызметінің есебіне ұрлық жасаған және 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасына сотталған аз. Б. алынған. Жазаны өтеу барысында осы аталған сотталған пробация қызметінің инспекторларымен жүргізілген профилактикалық іс – шараларына құлақ аспай, бірнеше рет ескертулер жасалғанға қарамастан жаза өтеу тәртібін бұзған.

Сол себептен, ҚР ҚК-нің 44 бабына сәйкес ШҚО бойынша Өскемен қ. №2 сотының қаулысымен өтелмеген жазасын бас бостандығын айыру жазасына ауыстырып, сотталған ары қалай жаза мерзімін өтеу үшін жалпы түзету мекемесіне жіберілген.

Смагулова Эльвира Каныбековна, ШҚО бойынша Солжағалау аудандық ПКБ бастығының орынбасары, әділет майоры

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мамырда қазақстандықтар Яндекс Плюс арқылы не көрді, не тыңдады және не оқыды? Маусымның жаңалықтары

Мамыр — ауа райы әлі жаздағыдай ыстық емес, алайда қандай да бір жеңілдік, шытырман оқиғалар мен шабыт керек кез....