Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

Биліктің мінезі, сөйлеу мәдениеті өзгермейінше мұндай мәселе дау-дамайсыз шешілмейді

Танымал

Ел аузында

Тоқаев тағы бір күнге кешіксе «еститін мемлекет» дейтін қағиданың біржолата қадірі кетер еді… Жаңаөзендегі жағдайға байланысты Президент жауап қатыпты. Алаңға шыққан халықты айыптаудан бас тартып, тұрғындардың талабын тез арада қарастыруды тапсырыпты. Жөн делік. Жаңаөзендегі жағдай Тоқаев пен оның елге берген уәделерінің сыналар сәті.

Билік алаңға шыққан жұртты әлдекім арандатты дейтін риторикадан аулақ болуы қажет. Шыдамы таусылуға шақ тұрған жұртқа дікеңдеп жүрген әнебір прокурор мен оның маңайындағы шолақ белсендер істі насырға шаптырса таңғалмаңыз. Анығында, нағыз провокатор солардың өзі! Тоқаевты аяқтан шалатын да халықпен коммуникация құра алмайтын шенділер. Биліктің мінезі, сөйлеу мәдениеті өзгермейінше мұндай мәселе дау-дамайсыз шешілмейді. Халық аргументін анық айтып отыр. Көшеге шығудан басқа амалы қалмады. Қымбатшылық кеңірдектен қысып барады дейді.

Әзірге бас жарылып, көз шыққан жоқ. Тоқаевтің Твиттерін оқыған болса Мәмин бастаған үкімет Жаңаөзенді бетке алуы тиіс. Теріскейдегі көршіміздің пропаганда құралдары Тоқаевты ұнатпайды. Жаңаөзендегі жағдайдың асқынғанын қалап, алақанын ысқылап отыр. Президент екі мәселені нақ айтты:

1. Халықтың өз пікірін айтуға құқы бар.

2. Тұрғындардың талабы тез арада ескерілуі керек.

Бүгінгі мәлімдемесінде біреу-міреуді айыптау сарыны жоқ. Жауапкершіліктен қашпайтынын аңғартып отыр. Қиырдағы Францияда жатқан атышулы оппозиционерге де соқтықпады. Жаңаөзендегі жағдайдың шығу себебін сырт күштерге сілтей салмады. Ендігі мәселе коммуникацияға тіреліп тұр. Осыдан екі жыл бұрын Абу-Даби плазадағы жанжалда сол тұстағы астананың әкімі Әсет Исекешов әділетсіздікке күйінген қазақ жұмысшылармен тілдесе алмай, қара терге түскен. Жаңаөзен қазақтілді қала. Олардың алдына барып орысша міңгірлеуге болмайды! Газ дауы одан зорғыға ұласпауына биліктің өзі мүдделі болуы тиіс.

Думан Бықай

Фейсбуктегі парақшасынан

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...