Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Мамандандырылған ХҚКО-лар ашылып жатыр

12 қаңтарда Қазақстанда үш өңірді қоспағанда, автокөлік иелеріне мемлекеттік қызмет ұсынатын мамандандырылған ХҚКО-лар іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Танымал

Ел аузында

Жұмыс кестесі – 9.00-ден 18.00-ге дейін (дүйсенбі-жұма).

Әзірше Алматы, Алматы және Жамбыл облыстарының мамандандырылған ХҚКО-лары ашылмады. Бұл өңірлердің ХҚКО-ларында қашан жұмыс басталатыны қосымша хабарланатыны айтылды.

«Автоқызметтер сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі болып қала береді. Қазір мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысы қайта жанданып жатыр, тұтынушылардың келуін күтеміз. Сондықтан осы жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын еске саламын. Мамандандырылған ХҚКО-ларда дүрбелең туғызбау үшін осы қызметті пайдалануды ұсынамын», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Мамандандырылған ХҚКО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты тұтынушылар санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек, әлеуметтік қашықты сақтап, бетперде тағу қажет.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы жастары оқу жылын экологиялық жауапкершілік пен ел болашағына қамқорлықтан бастады

Алматыдағы ЖОО-да бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау рәсімі жалғасуда. Биылғы бірінші курс студенттері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан”...