Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
21 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Мейрамбек Бесбаев: 30 жылда қиналған халықтың көз жасы, ашынған күйі көрініс тапты

Танымал адамдар неге үнсіз?

Танымал

Ел аузында

Көптеген желі қолданушыларын мазалаған сұраққа Ләйлә Сұлтанқызы жауап берді. Ол – Мейрамбек Бесбаев, Жазира Байырбекова, Дәулет Мұқаевпен телефон арқылы тілдесіп, олардың елде болған жағдайға қатысты пікірін білді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мейрамбек Бесбаев 5 қаңтар күні жеке парақшасында елді сабырлыққа шақырып, видео жариялаған. Ол тәртіпсіздіктер кезінде ауруханада жатқанын айтады.

«Көрдің ғой, Ләйлә, тұманды күндер болды. 30 жылда қиналған қаншама халықтың көз жасы, ашынған күйі жалпы кеше көрініс тапты ғой. Бұл бізге ғана керек мемлекет. Бұл қазақтың ғана мемлекеті», – деп пікір білдірді ол.

Сол сияқты Жазира Байырбекова бүлікшілер Алматының астаң-кестеңін шығарып жатқанда қалаға кіріп келгенін айтады. Ол перзентінен айырылған аналар туралы айтып, жылап қалды.

«Бәрі қирап жатқанда, кірдік түнде. Балаларын жоғалтқан аналарды көріп, менің жүрегім ауырды. Мен мұндай нәрселерге шыдай аламын ба, білмеймін», – деді ол. 

Естеріңізде болса, әншінің 100 жасқа келген әжесі 9 қаңтар күні қайтыс болған еді. 

Ал көпшілікке танымал блогер Дәулет Мұқаев (@dauletten) бүлік кезінде туған қаласы Семейде болған. Ол алдын ала жоспарланған тұсаукесер рәсіміне қатысып, кейін парақшасы бұғатталып қалғанын айтты. Белсенді блогер біраз уақыт халықпен байланысқа шыға алмаған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ЖЕТІСУДА СТИХИЯЛЫҚ ҚОҚЫС ОРЫНДАРЫ ТАЗАРТЫЛУДА

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Талдықорған қаласы маңындағы стихиялық қоқыс орындары тазартылды. Елімізде стихиялық қоқыс орындары мен көлемі спутниктің...