Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

Halyk Bank Алматыдағы зардап шеккен микро-кәсіпкерлерге 1 млн теңгеден қайтарымсыз гранттар ұсынады

Танымал

Ел аузында

Halyk Bank Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік салдарынанзардап шеккен микро-бизнес секторындағы қарызалушыларына залал мөлшерін растаусыз бизнесті қалпынакелтіруге 1 млн теңге мөлшерінде қайтарымсыз грант бөлутуралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, банк осы санаттағы клиенттеріне 6 айға дейінгі мерзімге несие төлемібойынша демалыс береді.

Онымен қоса, Halyk Bank өз клиенттері қатарына жатпайтын Алматының микро-бизнес өкілдеріне де қолдаукөрсетеді. Оларға қалпына келтіру жұмыстарына, соныңішінде қажетті жабдықтарды сатып алуға 1 млн теңгеаударады. Көмекке аса мұқтаж кәсіпкерлердің тізімінанықтау үшін банкте бизнеске келтірген залал бойыншаегжей-тегжейлі талдау жүргізілді.

Алдын ала талдау қорытындысы бойынша негізгі соққытиген Алматының ірі сауда және ойын-сауық орталықтары: ЦУМ, “Мәскеу”, “Азия-парк”, “Апорт”, Promenade, Silk Way, “Мобилка” және Globus екені анықталды.

Бүгінгі таңда Алматыдағы СОО-да тиісті жерді жалға алған500-ден астам микро-бизнес субъектісі шығынға ұшырады. Әрбір зардап шеккен микро-бизнес өкіліне материалдықкөмек көрсету туралы шешімді банк кәсіпкерліктің осы сегментіне келтірілген зиянның көлемін бағалағаннан кейінқабылдады. Осылайша, бизнесі арқылы өз отбасын асырап,ел экономикасына үлес қосқысы келіп әрдайым дамыпотырған, жақсы өмір сүру үшін нақты қадамдаржасағандарға қолдау көрсету туралы шешім қабылдады.

“Мен ел үшін қиын кезеңде бизнесі зардап шеккен жандарға көмектесетінімізді айтқым келеді. Ол біздің клиентіміз бе, жоқ па маңызды емес. Қазір біз әр клиентпен тікелей сөйлесіп, кері байланыспен жұмыс істеп, нақты мәселені анықтап жатырмыз. Барлығын жоғалтып, үміт отын сөндіріп алғандар да бар. Оларға көмек қолын созатынымызды жеткізіп, бұл қиын кезеңді бірге бағындыратынымызды түсіндіру маңызды. Біз банк және Қазақстан экономикасының айнасы ретінде шағын және орта бизнесті қолдауға белсенді қатысамыз. Біз кәсіпкерлерді осыған дейін де субсидиялар, тиімдіқаржыландыру, сондай-ақ жеңілдетілген кезеңдер ментөмендетілген мөлшерлемелерді ұсыну арқылы да әрдайым қолдап келдік”, – деді Halyk Bank Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова.

Банктен көмек алу үшін кәсіпкерлер жалға алып отырғансауда орталығының әкімшілігіне жүгінуі керек. Зардап шеккен микро-бизнес өкілдерінің тізімі банкке тапсырылып, талданғаннан кейін, банк 10 күн ішінде қаражатты аударады.

Бұл қадам – дағдарыс кезінде банк тарапынан кәсіпкерлерді қаржылай қолдаудың қосымша шараларының бірі.

Бұған дейін банк өз қаражатынан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған “Қазақстан халқына” («Народу Казахстана») қорына 3 млрд теңге бағыттаған болатын. Біраз уақыттан кейін “Халық” ҚҚ “Қазақстан халқына” қорына 2 млрд теңге бөлетіні туралы мәлімдеді. Жалпы алғанда, Halyk тобы зардап шеккендерге көмек ретінде бағыттаған қаражаты күні бүгінге дейін 5 миллиард теңгеге жетті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...