Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

Тоқаев: «Қазақстан халқына» бір күндік жалақы аудару – керексіз бастама

Танымал

Ел аузында

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес өкілдерімен кездесуінде осылай деді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Бізге жаңа парақты ашып, жаңа Қазақстанның негізіне айналуы тиіс жаңа экономикалық саясатты құруда бірлесіп жұмыс істеу керек», – деді.

Мемлекет басшысы жаңа экономикалық саясаттың негізгі қағидаттары адал бәсекелестік, қабылданатын шешімдердің ашықтығы, мемлекеттік саясаттың болжамдылығы, бизнестің салықтық адалдығы, кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі болуы керектігін баса айтты.

«Әлеуметтік-экономикалық реформалардың сәтті жүзеге асуына ірі бизнес, біздің буржуазия мүдделі екеніне толық сенімдімін. Өйткені елдің бизнес-элитасы көп нәрсе жоғалтуы мүмкін. Бірақ, сонымен қатар, олардың бизнесін одан әрі кеңейту үшін жақсы мүмкіндіктер бар», – деп қосты Мемлекет басшысы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорына бір күндік жалақыны аудару бастамасына қарсы екенін мәлім етті.

«Бұл жерде формализм деген атымен болмауы тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің, бюджеттегілердің бір күндік жалақысын аудара бастапты. Бұл – мүлде қажеті жоқ бастама. Тағы да бір рет атап өтейін – бұл бюджеттік қор емес. Қазақстан халқының қоры. Сол себепті аталмыш жұмыс қандай да бір бюрократиялық процедурасыз өтуі тиіс. Барынша ашықтық керек. Ірі компаниялардың бәрі де үкіметпен айқындалған пайызды береді… Бизнес-бірлестік біздің бастамамызды шын ниетімен қолдап, қорға көмектесер деген үміттемін», – деді ол.

Айта кетсек елордада бүгін президент елдегі ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...