Қазақстанда тәртіпсіздіктерден кейін азаптау және лауазымын асыра пайдалану бойынша 16 іс тергелуде

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда прокурорлар азаптау және полицейлердің лауазымын асыра пайдалануына қатысты 16 істі тергеуде. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Кісі өлімі, азаптау, тұтқындалғандарға қатысты лауазымын асыра пайдалану деректері бойынша істер тергелуде. Жалпы Қазақстан бойынша 16 қылмыстық іс тіркелген», – деді ол баспасөз мәслихатында. 

Оның сөзінше, қазіргі уақытта прокуратураға тергеу барысында азаптау және азаматтың құқығын бұзуға қатысты полицейлердің үстінен 91 арыз келіп түскен. 

«Әр қайсысын тексереміз. 19 арызда көрсетілген тәртіп бұзушылықтар анықталмады. 56 арызға қатысты тексеріс жұмыстары әлі жалғасып жатыр», – деп қосты Елдос Қилымжанов. 

Елдос Қилымжанов 12 қаңтарда заңсыз қамауға алынған 24 қала тұрғынының босатылғанын мәлімдеді. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда оқ тиген 29 адамның тергеу изоляторына қамалғанын хабарлаған едік. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Казахстане запущена цифровая платформа для анализа рынков и инвестиционного моделирования

В Казахстане разработана цифровая аналитическая платформа компании EchelonAlpha, предназначенная для анализа отраслей экономики, прогнозирования и поддержки принятия инвестиционных и...