Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

3 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

«Алматыда оқ тиген 29 адамды полиция тергеу изоляторына қамап қойған» – Бас прокуратура

Танымал

Ел аузында

Адам құқығын қорғау ұйымы өкілдері мен тәуелсіз құқық қорғаушыларға жаппай ереуіл кезінде ұсталып, қамалған жандармен жүздесуге рұқсат берілді. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Түсіндіріп өткен жөн болар, бір қылмыстық іс бойынша бірнеше адам, яғни сыбайлас қатысушылар болуы мүмкін. Бұл деректер әлі де түпкілікті емес. Олар прокуратурамен ұстау негіздерін тексеру және сотта қамауға алу істерінің қаралу нәтижесіне байланысты. Атап айтқанда, 29 ұсталған тұлғаны сот қамауға алуға бас тартқан, олар қазір босатылды. Прокурорлар қамауға алынғандарды күнделікті тексеруде», – деді ол.

Бас прокуратура өкілінің айтуынша, айыбы жоқ 96 адам уақытша ұстау изоляторларынан босатылған.

«Прокурорлар Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторын тексеру кезінде дене жарақаты бар 73 адамды анықтады. Оның ішінде үшеуіне қатысты бұлтартпа шарасы өзгертілді, олар қазір бостандықта. Біздің нұсқаумен ұсталғандардың арасында оқ жарақатын алған 29 адам қалалық ауруханаға жатқызылды. Қамауға алынып, жарақат алған 41 жан тікелей изоляторда ем алуда. Қатыгездікпен қарау, сондай-ақ медициналық көмекті көрсетпеу ықтимал жағдайларын тәуелсіз тексеру мақсатында адам құқықтары жөніндегі уәкіл және басқа да адам құқығын қорғау ұйымдарына ұстау мекемелеріне кіруге рұқсат берілді», – дейді ол.

Бас прокуратура өкілі жаппай ереуілден кейін 819 қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты. Оның 45-і – лаңкестік актісі, 36 – жаппай тәртіпсіздік, 15 – кісі өлімі бойынша.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысының тұрғындары полицияға 180 бірліктен астам тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырды

Атыс қаруын қолдану арқылы жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында Түркістан облысында тұрғындардан тіркелмеген қаруды сатып алу...